IV облыстық музейлер экскурсия жүргізушілері байқауы

2017 жылғы 6 қазан “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “ХХІ ғасыр. Солтүстік Қазақстан облысы” IV облыстық музейлер экскурсия жүргізушілер байқауы өтті.

Байқауда 11 экскурсия жүргізушілер бақтарын сынады. Байқау үш турдан және практикалық шеберлік сағатынан құралды. Байқауға қатысушылар тек нақты тақырыпты біліп қана қоймай, үш тілді де меңгеруі шарт болды.

Байқау қорытындысы бойынша облыстың үздік экскурсия жүргізушілері анықталды:

  • 1 орын – Бейсембина Назгүл, «Абылай хан резиденциясы» музей кешені.
  • 2 орын – Коровина Елена, Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі.
  • 3 орын – Бекенова Жансұлу, Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейі.

“Кәсіпке деген адалдық” номинациясы бойынша дипломды СҚМУ музейінің экскурсия жүргізушісі – Амрина Лаура қанжығасына байлады.

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері ұйымының кәсіподағы атынан грамота Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Кутейникова Иннаға табысталды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.

“Киелі Қазақстан” экспедициясы

2017 жылғы 5 қазан “Киелі Қазақстан” республикалық экспедициясы көшін бастады. Экспедиция өз жұмысын Солтүстік Қазақстан облысынан бастап, топқа Л.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының профессоры Айман Досымбаева жетекшілік етеді. Топ мүшелері “Киелі Қазақстан” республикалық картасына енген облыстың киелі жерлерінің бірі “Абылай хан резиденциясы” музей кешенін тамашалады. Аймақ басшысының атынан экспедицияға қатысушыларды облыс әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет қарсы алды. Іс-шара барысында “Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері” атты дөңгелек үстел өтті

“Мұражайға сый” науқаны

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2017 жылғы 29 қыркүйек күні мұражай кешенінде “Мұражайға сый” науқаны өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Петропавл қаласының машинажасау колледжі” КММ ұжымы “Абылай хан резиденциясы” мұржай кешенінің макетін сыйға тартты. Макет (нұсқа) тарихи ескерткіш үсінінің 1:11 көлемінде жоспарланып, әзірленді. Макетті колледждің 2017 жылғы түлектері Анер Иван және Корнилов Анатолий жасады. Жобаның жетекшілері: колледж директоры Фурманюк Анатолий Павлович, колледж директорының орынбасары Сенькин Павел Владимирович, шығармашылық оқыту ісінің шеберлері Аниченко Анастасия Юрьевна, Овчинников Борис Владимирович.

Мұражай ашылғлы бері 135 сыйлық сыйланды. Мұражай ұжымы науқанға қатысушыларға өз ықыластарын білдірді.

Құрметті жерлестер, егерде сіздерде қазақ халқының тарихына байланысты тұрмыстық заттар, құжаттар немесе суреттер сақталған болса, науқанға қатысуларыңызды сұраймыз!

“Тіл – баға жетпес мұра” атты интерактивті іс–шарасы

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында

Қазақстан халықтары бірігі күніне арналған “Тіл – баға жетпес мұра” атты интерактивті іс–шарасы “Малыш”, “Балдырған”, “Балапан”, “Солнышко”, “Ласточка” балабақшалары мен №23 орта мектепте өткізілді.

Іс-шараның мақсаты балаларды әр түрлі ұлт өкілдерінің ойынын ойнату арқылы тілін үйренуге деген балалардың қызығушылығын тудыру және арттыру; ҚР аумағында тұрып жатқан ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластық сезімдерін дарыту.

Іс-шара кезінде ұлттық ойындар ойнатылды. Оның ішінде қазақ ұлттық ойыны “Тақия тастамақ”, башқұрт ұлттық ойындары “Липкие пеньки” және “Стрелок”, неміс ұлттық ойыны “Өрт” және дағыстан ұлттық ойыны “қалпақты кигіз”.

“Ата заң – алтын туғырымыз” атты жылжымалы көрме

2017 жылғы 30 тамыз Қазақстан конституциясы көшесінің орталық алаңында ҚР Конституциясы күніне арналған “Ата заң – алтын туғырымыз” атты жылжымалы шағын көрме қойылды.

Көрменің мақсаты: көрерменді ата заңымыздың қайнар көзінен бастау алған қазыргі Конституциямен таныстыру.

“Астана ЭКСПО – 2017” көрмесі әлемді паш етерліктей әсер берді. Елбасының осындай салихалы саясатының арқасында мемлекеттік деңгейдегі көрме ұйымдастырылып, өз тұғырымызды биік көтере алатын мемлекет ретінде тағыда көрсете алдық. Яғни, 25 жыл ішінде қойған мақсат, талаптарыға жетіп, елімізді әлемнің қарқынды дамыған отыз елдің құрамына енуді мақсат қойып отыр.

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай, қаламыздың орталық алаңында шағын – жылжымалы көрмені халық тамашалай алды.