“Абылай және оның заманы” атты тақырыптық экскурсия

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Чех Республикасының делегациясы мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне “Абылай және оның заманы” атты тақырыптық экскурсия өткізілді.

“Армысың, әз Наурыз!”

20 наурыз күні Наурыз мерекесі аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Армысың, әз-Наурыз!” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға қалалық мәдениет үйі мен облыстық филармония ұжымы қатысты. Мерекелік киіз үйде тұсаукесер салт-дәстүрін көрсетті. Сондай-ақ, мерекеге келген қонақтарға ыстық бауырсақтар мен шай ұсынды.

“Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!”

Көктемнің, достық пен жаңғырудың символы саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!” атты театрландырылған қойылым өткізіледі.

Қазақтың ескі салт-дәстүрі бойынша балаларға музыкалық қойылым, Қыдыр атамен кездесу және түрлі жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, іс-шара қатысушыларына шай және бауырсақ ұсынды. Іс-шара соңында балалар Наурыз мейрамының символы ретінде танылған – алтыбақанға мініп көңіл көтерді.

“Ордасы ұлы — Абылайдың”

“Абылай хан резиднциясы” мұражай кешенінің 10-жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы аудандары бойынша “Ордасы ұлы — Абылайдың” атты жылжымалы көрме ұсынылатын болады. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында оның ашылуы өтті. 19 наурызға дейін қонақтар көрмемен таныса алады.

Көрменің ашылуына Қызылжар ауданының әкімі Алма Амангелдіқызы Нұрғалиева, сондай-ақ, Бескөл ауылының тұрғындары қатысты. Ары қарай көрме Булаев ауылына аттанады.

Ланкестіктің алдын алу жайында лекция

 

2018 жылдың 2 наурыз күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Петропавл қаласының машина жасау коллежді студенттеріне “Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу” атты лекция өткізіледі.

Студенттер “Халифат: утопия или трагедия” атты деректі фильмін көрді. Іс-шараға шақырылғандар: Тілемісов Руслан Амангелдіұлы – СҚО ІІД экстремизмге қарсы басқармасының бөлім басшысыАйтмағанбет Данияр Жеңісұлы – Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы. Дін істер басқармасы. СҚО ақпараттық˗түсіндіру жұмысы бөлімінің сарапшысы