Республикалық өлкетану акциясы

Жалпыұлттық “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2018 жылдың 26 шілдесі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Респбуликалық өлкетану акциясының қатысушылары болған Жамбыл облысының үздік оқу белсенділері келді. Балалар мұражай экспозициясымен қызыға танысып, 18 ғасырдағы Қазақ хандығының тарихы жайлы, Абылай ханның қазақ халқының жеке дара дербес, мықты әрі тәуелсіз ел болуындағы атқарған қызметі мен рөлі жайлы өз білімдерін кеңейтті.

“Киелі Түркістан” көрмесінде

2018 жылдың 18 шілдесі Бескөл к. мүгедектерді сауықтыру орталығының емделушілері “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесіне келді. Қонақтар барша түркі халқы бас иетін, киелі Түркістанның жәдігерлерімен танысты. Түркі дәуірінің 6–7 ғасырларды қамтитын нумизматикалық экспонаттар олардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, Абылай ханның Цин императоры арасындағы хаттардың осы күнге дейін сақталғандарына таң қалды.

“Kinder Boom” “Киелі Түркістан” көрмесінде

2018 жылдың 17 шілдесі күні “Kinder Boom” дамыту орталығының тәрбиеленушілері “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде болды. Балалар “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты. Балалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зияратшылардың белгісіне айналған тайқазанды сүйсіне тамашалады. Сонымен қатар, этнографиялық заттар және тұмармен байланысты зергерлік бұйымдар олардың қызығушылықтарын тудырды.

“ER JANIBEK CUP” қатысушылары

 

2018 жылдың 13 шілдесі күні шағын футболдан “ER JANIBEK CUP” халықаралық турнирі аясында мұражай кешенін ұйымдастыру комитеті мен Қазақстанның әр түрлі өңірлерінің футболшылары, сондай-ақ, Австрия, Түркия, Монғолия, Дания, Иран, Қырғызстан және шекаралас Ресейден, яғни Омбы, Қорған, Түмен облыстарының футболшылары экскурсияғаа келді.

Қонақтар мұражайдың экспозициясымен қатар, “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының “Киелі Түркістан” көрмесімен танысты. Олар Қожа Ахмет Яссауидің баға жетпес құнды мұрасын қызыға тамашалап, Түркістан қаласының тарихи жәдігерлерімен танысты.

Мектеп түлектерінің кездесуі

2018 жылдың 13 шілдесі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Қазақстанның барлық өңірінен жиналған облысымыздың ең алғашқы қазақ мектеп-интернатының түлектері экскурсияға елді. 50 жылдан кейінгі ұйымдастырылыған кездесу “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының “Киелі Түркістан” көрмесінен басталды.